71 жастағы қария өзіне қол жұмсады

1 588

Фото: Алматы полициясыАлматы қаласының Түрксіб ауданында қайғылы оқиға тіркелген,- деп хабарлайды Оpennews.kz ақпарат агенттігі. 

Жеке сектор аумағында қария кісі өз үйінде көз жұмған.

Алматы қалалық Полиция департаментінің алдын ала мәліметтері бойынша, кешкі уақытта 71 жастағы ер адам аңшылық мылтығын қолдану арқылы өзіне қол жұмсаған.

Жақындарының айтуынша, марқұм тірі кезінде бірнеше ауыр дертпен ауырған. Ол бұған дейін де өмірмен қоштасу туралы ойларын туыстарына бірнеше рет айтқан екен.

«Аталған факті бойынша аудандық полиция бөлімі сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайлары анықталып жатыр», – деп хабарлады полиция департаменті

Полиция оқиға орнында тиісті сараптамалар тағайындап, тексеріс жұмыстарын жалғастырып жатыр. 

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.