Ыстық суға күйдіріп, иттің үйшігінде ұйықтатқан директор сотталды

1 534

Фото: 24.kzҚарағанды облысында алты жетімді тәрбиелеуге алған отбасыға қатысты сот үкімі шыққан,- деп хабарлайды Оpennews.kz  ақпарат агенттігі.

Қарағанды облысында сот 2018–2023 жылдар аралығында алты жетім баланы тәрбиесіне алған отбасыға қатысты үкім шығарған. Іс материалдарына сәйкес, балалар ауыл мектебі директорының үйінде тұрған. Алайда қамқорлықтың орнына олар жүйелі түрде зорлық-зомбылыққа, қорлыққа және ауыр шаруашылық жұмыстарына тартылған.

Сот деректерінде балаларды қолмен және әртүрлі заттармен — ожаумен, сыпырғыштың сабымен, тоқпақпен және күрек сабымен ұрғаны айтылған.

Кішкене қателіктері үшін оларды үй шаруасына жегіп, ауыр жұмыс істеткен. Жәбірленушілердің айтуынша, кей кездері оларды қайнаған сумен күйдіріп, иттің үйшігінде түнетуге мәжбүрлеген, тіпті нанды көңмен бірге жеуге дейін жеткізген.

Сот-медициналық сараптама кейбір балалардың денесінен 19-дан 47-ге дейін тыртық анықтаған. Бір тәрбиеленуші соққыдан кейін ауруханаға түсіп, алған жарақаттары мүгедектік болып қалған. Тағы бір балаға психикалық бұзылыс диагнозы қойылған.

Іс материалдарында бұл қорлықтарға отбасының қызы да қатысқаны көрсетілген. Ол оқиға кезінде кәмелетке толмаған болған.

Тергеу дерегінше, отбасы басшысы балаларға мемлекеттен бөлінетін жәрдемақыны алып отырған, оның бір бөлігін букмекерлік ставкаларға жұмсаған. Мемлекетке келген шығын 6,2 млн теңгеден асады деп бағаланған.

“Сот ер адамды 12 жылға, оның жұбайын 10 жылға, ал қызын 4 жыл 8 айға бас бостандығынан айыру жазасына кесті. Сонымен қатар сот ерлі-зайыптыларды әрбір алты жәбірленушіге 10 млн теңгеден моральдық өтемақы төлеуге міндеттеді”, – делінген Қарағанды облысы сотының хабарламасында.

Үкім әзірге заңды күшіне енген жоқ.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.