Өскемендегі дүкендердің бірінде «Z» және «V» белгілері бар футболкалар емін-еркін сатылуда

248

Өскемендегі дүкендердің бірінде «Z» және «V» белгілері бар футболкалар емін-еркін сатылып жатыр. Бұл туралы белсенді Сырым Итқұлов Telegram каналында жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Фото: видеодан скриншот

Фото: Telegram


«Алматыда терезесінде осындай белгілері бар жүргізушілерді ұстап жатса, Өскемендегі дүкендердің бірінде мынадай киімдер сатылып жатқаны туралы фотолар келді. Айтарға сөзім жоқ.
Бұл біреудің саяси көзқарасын білдіретін жай ғана әріптер емес, бұл – соғыстың және өзге бір елге басып кірудің белгісі. Осы үшін жауапкершілік қарастырылуы керек.
Ресейдің өзінде бұл белгілерден бас тартып жатқаны үшін қамауға алып жатыр. Ал депутаттар баласы VPN қолданғаны үшін ата-аналарды түрмеге қамайтынын айтып қорқытады
», - деп жазды белсенді.


Айта кетейік, Украинада соғысып жатқан Ресей қарулы күштері өздерінің символы ретінде «Z» және «V» белгілерін қарастырады.