Қызылордада 122 сотталған азаматты рақымшылыққа ұсынды

232
Қызылорда облысында 122 сотталған рақымшылыққа ұсынылды, – деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.



2022 жылдың 2 қарашасында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қаңтар оқиғасына қатысқандарға бір реттік рақымшылық жасау туралы заңға қол қойған болатын. “Рақымшылық туралы” Заңға сәйкес, Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің аудандық және қалалық пробация қызметі 122 сотталғанға қатысты рақымшылық қолдану туралы сотқа ұсыныс жолдаған. Бұл сотталғандар жаппай тәртіпсіздік кезінде қылмыстық құқық бұзушылық жасаған. 


Қазіргі таңда 9 сотталғанның іс-құжаттары сотпен қаралып, 7 сотталғанның негізгі жазасы төрттен үшке қысқартылып, екі сотталғанның жаза мерзімінен босату жөнінде сот шешімімен қаулы шығарылды. Қаулы заңды күшіне енген жоқ. Ал қалған 113 сотталғанның материалдары сот өндірісінде. Осыған дейін есептегі сотталғандарға түсіндірме жұмыстары жүргізілген. Онда қаңтар оқиғасына қатысқандардың барлығы бірдей рақымшылыққа ілікпейтіні жөнінде нақты айтылды, – деді пробация қызметіне басшылық жасау тобының бас маманы Ғаламат Құлманов.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.