Қызылордада Экономикалық тергеу департаменті басшысының экс-орынбасары сотталды

1 665

Фото: видеодан кадрҚызылорда облысы бойынша ЭТД басшысының бұрынғы орынбасары сотталды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Алматы қалалық соты Қызылорда облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті басшысының бұрынғы орынбасары мен кәсіпкерге үкім шығарды.


Олар алаяқтыққа оқталғаны және Алматы қаласы кәсіпорындарының бірі директорының қылмыстық ісін тоқтату үшін құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне 10 миллион теңге сомасында пара беруге итермелегені үшін кінәлі деп танылды.


Сот үкімімен әрқайсысы мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор субъектілерінде қызмет атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 7 жылға бас бостандығынан айырылды.


Сот үкімі заңды күшіне енді. 


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.