"Таксилеткен" полиция қызметкерінің көлігі табылды
254
Шымкент полиция департаментінің қызметтік көлігі жалған ресейлік нөмірмен такси болған, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі "Астарлы ақиқат" сайтына сілтеме жасап.
Заңгер Айгул Орынбек жариялаған «Шымкент полиция басшылығы қызметтік көліктерді, такси болуға арендаға беріп, ақша жасап отыр ма?» атты ақпараттағы көлік, Айгул Орынбек қорғап жүрген, Шымкент қаласы полиция департаменті баспасөз хатшысы Мөлдір Бекееваға тиесілі болып шықты.
Заңгер Айгул Орынбек талап еткен әділдік орнады. «Таксилетіп» жүрген қызметтік көлік жауапқа тартылды.

Шымкент полиция басшылығы қызметтік көліктерді, такси болуға арендаға беріп, ақша жасап отыр ма?
Полк қызметкерлерінен 14-қаңтар күні Шымкент Полиция департаментіне тиесілі тағы бір қызметтік “КІА” маркалы көліктің “Н 227 АЕ 136 RUS” ресейлік жалған нөмір тағып, жеке бас пайдасына пайдаланып келгені жөнінде маған хабарлама түсті!
Айтуларынша, сол жалған нөмірмен көлік басқарған әлгі жүргізуші бүгінге дейін 500 мың теңгеден астам айыппұлға түсіп үлгеріпті!
Оның өрескел заңсыздыққа баруына ықпал еткен КІМ?
Жүргізушінің әр қадамын бақылап, қызметтік көліктің тиісті уақытында ГАРАЖ-ға қойылуын қадағалайтын және тиісті уақытында түгендейтін ГАРАЖ басшылығы қайда қарап отыр? ГАРАЖ-дың жұмысына тікелей жауапты Департамент бастығы Дәлбеков Түркістаннан өзімен бірге әкелген Тылды қамтамасыз ету басқармасының бастығы М.Чилтанбаев неге заңсыздық жасап отыр? Күн сайын департаментке тиесілі көліктер тексерілу керек емес пе? Бір қызығы көлікті Өзіндік қауіпсіздік қызметі (УСБ) емес, Полк қызметкерлері ұстаған! Яғни Өзіндік қауіпсіздік ұйықтап отыр немесе бұндай заңсыздыққа көз жұмып отыр!
Себебі, әлгі жалған нөмір тағып ұсталған жүргізуші 500 мың теңгеден астам айыппұлға 1-2 күнде түсіп үлгермейтіні анық! - деп заңгер Айгул Орынбек өзінің фейсбук парақшасында жариялаған болатын.

Шымкент патрульдік полиция полкінің қызметкерлері қала бойынша жалған мемлекеттік нөмірімен жүріп келе жатқан автокөлікті анықтады. Жүргізуші 590-бап 4-бап бойынша жауапқа тартылды. «Киа-Рио» маркалы мемлекеттік белгісі 0745 автокөлігі Шымкент қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметінің басшысы М.Бекееваға бекітілген. Айта кету керек, бұл көліктің артында жарты миллион теңгеге жуық жол қозғалысы ережелерін бұзу жәйіттері бар - деп, Шымкент патрульдік полиция полкі мәлімдеді.