Қармақшы ауданында су үнемдеу технологиялары енгізілуде

26

Қармақшы ауданында су үнемдеу технологиялары енгізілуде, - деп хабарлайды «Opennews.kz» ақпарат агенттігі.

Қармақшы ауданының тыныс-тіршілігі ауыл шаруашылығына негізделген. Осы жылдың 1 шілдесіне ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы көлемі 2 млрд. 899,5 млн.теңге болып, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 102,1 пайызды құрады.

Биыл 26 813 гектар жерге егін егілді. Оның ішінде күріш көлемі 13 770 гектар. Биылғы вегетациялық кезеңге бөлінген су лимитіне және дақылдарды кезектестіру схемасына сәйкес күріш өткен жылмен салыстырғанда 997 гектарға артық егілді. Әртараптандыру дақылдары 2340 гектарға орналастырылды.Жаңажол ауылдық округінде "Жаңажол" ЖШС 5 гектар жерге тамшылатып суару әдісімен алма бағын егіп, 85 пайызы шыққан. Сондай-ақ, аталған шаруашылық жабынды астында егу әдісімен 2 гектар жерге қарбыз екті. Өнім тамыз айында жиналады.

Еске салайық, облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес аудан экономикасын әртараптандырда шикізаттық емес секторды дамыту, ішкі нарықты отандық тауарлармен толтырумен қатар импорт алмастыру мәселесі қолға алынғанын хабарлаған болатынбыз. Ол үшін индустрияландыру бағдарламасының аясында жүзеге асырылған ірі жобаның бірі Ақтөбе ауылындағы «Қармақшы құс» ЖШС құс фабрикасы биыл іске қосылады деп күтілуде.

 

Көне заманнан бері тамшылы суарудың қарапайым түрі қолданылып келеді. б.з.б. I ғасырда жазылған Фан Шен Чи Су суару құралы ретінде сумен толытырылған қыш құмыралардың көмілгені туралы хабар береді.Заманауи тамшылы суару 1860 жылы Германияда зерттеушілер жер асты суландыруды сазды құбырларды пайдалана отырып жер асты суландыру мен арықтық жүйелерді құру мақсатымен тәжірибелерін бастағанда дами бастады. 1920 жылы перфоририттік құбыр жүргізу жүйелерін қолдануды қосу үшін тәжірибе ұлғайтылды.Тамшылы суаруда суды сақтау және тарату кезінде пластикті қолдануды Ханнис Тилл Аустралияда кейіннен дамытты.

 

Тамшылы суаруда пластикалық эмиттер Израильдегі Симха Бласс пен оның баласы Йешаягумен жасалды. Суды кішкене бөлшектермен жеңіл қоршалатын ұсақ тесіктерден шығарудың орнына, пластикалық эмиттерден (су шашқыш) су құйынын бәсеңдету үшін жылдамдықпен кең, әрі ұзын өткелден шығарылды. Алғашқы мұндай типтегі эксперименталды жүйені 1959 жылы Бласс құрды, кейіннен ол серігі Кибуц Хацериммен бірге Нетафим компаниясын құрды. Екеуі практикалық жағынан бірінші жердің бетін тамшылы суару құралын жасап, патенттеді.

 

1960 жылдардың басында АҚШ-та алғашқы Dew Hose атты тамшылы таспаны Chapin Watermatics-тегі Ричард Чапин шығарды. 1989 жылдың басында, Jain Irrigation Systems Үндістандағы тамшылы суару арқылы суды тиімді меңгеру жолын ашты.

 

1930 жылдары жер бетін суаруда практикалық балама ретінде шығарылған импульсті спринклер шығарылғаннан бергі, қазіргі тамшылы суару ауыл шаруашылығындағы ең құнды инновация. Тамшылы суару, сондай-ақ кішкентай аумаққа таралатын микро-спрей секілді құрылғыларды пайдалана алады. Әдетте, олар тамырлы зонасы кеңірек ағаш және жүзім сияқты өсімдіктерге пайдаланады. Жер асты тамшылы суару өсімдіктің тамырына немесе төмеңгі жағына уақытша және тұрақты қазылған тамшылы сызық немесе тамшылы таспаны қолданады. Бұл отамалы дақылдар арасында, әсіресе, су қоры шектеулі немесе суару үшін суды қайта пайдаланатын аймақтарда танымал болып жатыр. Белгілі бір қондыру үшін пайдаланылатын ең қолайлы тамшылы суару жүйесін және құрауыштарын анықтау – сәйкес факторларды, яғни жер топографиясы, топырақ, су, дақыл, агро-климаттық жағдайды жете зерттеуді қажет етеді.


 Сонымен қатар, Жосалы кентіндегі «АНК-Дәулет» ЖШС-ның газоблоктар өндіретін шағын зауытының құрылысы басталды. Жобаның жалпы құны 200 млн теңге. Жоба Өңірлік -
инвестициялық орталығы арқылы 60 млн теңгеге несиелендірілді.