Елімізде 5 сәуірден бастап балық аулауға тыйым салынбақ

250

Қазақстанда 5 сәуір мен 5 маусым аралығында балық аулауға тыйым салынады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі. 


Бұл туралы Ішкі істер министрлігінде өткен апталық баспасөз мәслихатында ведомствоның өкілі Шұғыла Тұрлыбек мәлімдеді.


Уылдырық шашу кезеңінде балықтар мен өзге де су жануарларының биоалуандығын сақтау үшін Экология және табиғи ресурстар министрлігі 5 сәуір мен 5 маусым аралығында «Уылдырық шашу» акциясын өткізеді. Ведомство республиканың әр өңірінде өңірлік ерекшеліктерді ескере отырып, балық аулауға тыйым салу мерзімін енгізеді, - деп атап өтті ведомство өкілі.


Айтуынша, мүдделі мемлекеттік органдардың қызметкерлері осы кезеңде заңсыз балық аулау немесе өткізу, балық және балық өнімдерін тасуды бақылауға алады.


Заңды бұзғандарға Әкімшілік кодекстің 383-бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілік қарастырылған. Яғни 10-нан 40 АЕК-ке дейін айыппұл және Қылмыстық кодекстің 335-бабына сәйкес 3 жылға дейін бас бостандығынан айыру түрінде қылмыстық жауапкершілік қарастырылған, - деді Шұғыла Тұрлыбек.



OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.