80 жастағы қария 5 жасар қызды алмамен алдап қолындағы телефонын алып кеткен

111
Жамбыл облысында 80 жастағы қария 5 жасар бүлдіршіннің ұялы телефонын алмамен алдап алып кеткен, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі. 

80 жастағы қарияның әрекетін ішкі істер министрлігі жазды. Дерекке сүйенсек, оқиға Байзақ ауданында болған. Полиция бөліміне 5 жасар қыздың анасы шағымданады. Арызда әйел белгісіз қарт кісінің кәмелетке толмаған қызының смартфонын алып кеткенін хабарлаған. 


Күдікті бағасы 132 мың теңге тұратын гаджетті бүлдіршіннен алдау арқылы алмаға айырбастап алған.
Көп ұзамай 80 жастағы ер адам ұсталды. Ол өзінің кінәсін толық мойындады. Ұялы телефон тәркіленді.
Қазіргі уақытта қылмыстық кодекстің 190-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.