Қызылордада декреттік демалысқа шықпақ келіншектер алданып қалды
Қызылорда облысы Шиелі ауданында жүзден астам әйел адам декреттік демалыс кезінде ірі көлемде төлем аламыз деген үмітпен алаяқтың арбауына түскен. Алаяқтың уәдесіне сенген олар 1 миллионнан 10 миллион теңгеге дейінгі қаражатты өз еріктерімен аударған, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі 31 арнаның Информбюро жаңалықтар қызметіне сілтеме жасап.
Босанғанына алты ай өткен жәбірленушілер қыруар қаржыны былай қойғанда, өзі салған ақшасын ала алмай отыр. Олардың бірі – Ақбаян Кенже. Ол декреттік төлемнен қомақты қаражат алу үшін жолдасы екеуі тірнектеп жинаған 13 миллион теңгені санап беріпті.