Павлодар облысының екі тұрғыны балаларын құтқарамыз деп суға кетті
255
23 маусымда сағат 15:52-де Павлодар облысы ТЖД "112" пультіне Баянауыл ауданы Торайғыр ауылында Торайғыр көлінде жабдықталмаған жерде ер адамдар суға батып кеткені туралы хабарлама келіп түскен, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап.
208 жылы туған қыз бен 2013 жылы туған ұлды құтқару кезінде Қарағанды облысында тұратын 1978 жылы туған және 1986 жылы туған ер адамдар суға батып кетті. Балаларды жедел медициналық жәрдем Баянауыл ауылының аудандық ауруханасына жеткізді. Балалардың жағдайы тұрақты, есінен танып қалмаған, - делінген хабарламада.
Екібастұз қаласының құтқарушы-сүңгуірлері сағат 19:00-де іздеуге шығып, сағат 19:39-да екі ер адамның денесін шығарып алған.
Оқиға орнында Павлодар облысы ТЖД 4 құтқарушы, 1 техника және 1 жүзу құралы, "102", "103" қызметтері жұмылдырылды.
Тағы да оқыңыздар
Шеруен атқан «Шеге құм»
1 505