Павлодарда зейнеткер көршісінің көлігіне "зелёнка" шашқан

486

Павлодарда зейнеткер көрші әйелмен жанжалдасып қалғаннан кейін, оның көлігіне "зелёнка" төккен, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Судья Марат Мұсабаев Павлодар әкімшілік құқықбұзушылық жөніндегі мамандандырылған соты әйелді ұсақ бұзақылық үшін жауапқа тартқанын хабарлады. 

Бұзақылық үй кіреберісіндегі бейнебақылау камерасы арқылы анықталған.

Зардап шеккен әйел видеодан жоғары қабатта тұратын көршісін таныды. Бұған қоса, сол күні кешке көршісі балағаттап, екі әйел арасында жанжал шыққан. Егде жастағы әйел жасағанын мойындап отыр.

Оған 5 айлық есептік көрсеткіш, яғни 14 585 теңге көлеміндегі айыппұл салынды. Мұндай әрекет үшін он тәулікке дейін қамауға алу жазасы қарастырылған. Алайда зейнеткердің жасы ескерілді.
Зардап шегушіге материалдық шығын азаматтық-құқықтық тәртіпте өтелуі мүмкін.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.