Алматыда кәсіпорында аммиак төгіліп, жұмысшылар уланды

277
Алматыда техногендік төтенше жағдай болды. Балмұздақ шығаратын зауытта аммиак төгілді, -  деп хабарлайды  Opennews.kz  ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап.

"Бес науқастың біреуі жағдайы тұрақты болуына байланысты стационарлық емнен бас тартты. Төрт науқастың үшеуі қазіргі таңда реанимация бөлімшесінде ем алып жатыр. Жағдайлары ауыр, бірақ тұрақты. Қалған бір науқас таксикология бөлімінде ем алып жатыр. Жағдайы орташа қалыпты, тұрақты. Келген кезде есі толық болмады және құсу, жүрек айнуы белгілері болды" , - деді Алматы қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасы қабылдау бөлімінің меңгерушісі Бауыржан Омаров.

Оқиғадан кейін балмұздақ партиясы сараптамаға тапсырылды. Полиция тергеуді бастады. Кәсіпорын әкімшілігі де ішкі тергеу жүргізіп жатыр. Еңбекті қорғау ережелерін бұзғаны үшін кінәлілерге айыппұл салынуы мүмкін.Осы орайда, 

«Шин-Лайн» ЖШС бас директоры Владимир Пак: "Біздің кәсіпорын қауіпті нысан болып саналады, өйткені біз өндірісте суыту үшін аммиак пайдаланамыз. Аммиак төгілген фризерде 10 литрге дейін аммиак болады. Жарты литрдей аммиак ағып кеткен. Барлық зардап шеккен қызметкерлерге материалдық көмек көрсетіледі" - деді.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.