Қарағанды облысында 200 мұғалімнің орны бос тұр
Қарағанды облысында мұғалімдер жетіспейді. 200 орын бос қалып отыр. Бұл туралы облыстық білім басқармасының басшысы мәлім етті, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Өңірде физика, математика, химия және орыс тілі оқытушыларының жетіспеушілігі байқалады.
Мұғалімдердің тапшылығына байланысты кейбір мектеп басшылары зейнеткерлермен келісімшартты ұзартуға мәжбүр.
Сонымен қатар, Қарқаралы және Бұқар жырау аудандарының екі мектебі апатты жағдайда тұр.
Оларды қалпына келтіру жұмыстары келесі жылы ғана басталатындықтан, оқушылар ескі ғимаратта тағы бір оқу жылын өткізуге мәжбүр болады.
Ведомство басшысы облыс мектептерінің 80% кеңес өкіметі кезінде салынғанын және бүгінде тозғанын жасырмады.