Тараз маңындағы жарылыстан жарақат алған өрт сөндіруші: Ешкім бұлай болады деп күтпеді
370
Жамбыл облысындағы жойқын жарылыстан жараланған өрт сөндірушілер мен құтқарушылар ауруханалардан шығып жатыр. Олардың кейбірі "Жетінші арнаның" "Студия 7" бағдарламасына сұхбат беріп, қорқынышты күнді еске алды.
Жарылыстан аман қалғандардың бірі - №2 өрт сөндіру бөлімінің қарауыл бастығы Рустам Ертаев. Айтуынша, оның аяғы бірнеше жерден сынған, толық қалпына келуі үшін шамамен 4-5 ай қажет.
Тағы бір зардап шегуші Жангелді Райымберді болса, бүгінде жағдайы жақсарғанын айтады. Оның жарақаты айтарлықтай ауыр болмаған екен. "Жарылыстан құлақ жарғағым жарылып кетті. Бүгінде ешқандай шағымым жоқ. Қызметімді одан әрі жалғастырамын. Өртті сөндіру - біздің міндетіміз. Жақындарынан айырылғандарға көңіл айтамын. Ауруханадан енді шықтым - оларға барып, көңіл айтқым келеді", - дейді ол. Өрт сөндіруші Қанат Айтпаевтың қалпына келуі де бірнеше айға созылады.
Өрт сөндірушінің әкесі оның таңдауын қолдайды, бірақ анасы баласына алаңдаумен отыр. "Мен қарсымын. Ары қарай не болатыны белгісіз. Әрине, мен ұлым үшін қорқамын. Жалғыз ұлым. Бар үмітіміз сода, әрқашан дұға етеміз. Біз оның аман қалғанына қуаныштымыз. Оның балалары өсіп келеді. Олар әкесі үшін қатты уайымдап, жылады", - дейді Каракөз Мамырайымова.