Қызылордада халықаралық іздеуде жүрген қылмыскер ұсталды

1 695

u-f.ruҚызылордада халықаралық іздеуде жүрген қылмыскер құрықталды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.


10 мамыр күні Қызылорда облысы полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлерімен жүргізілген жедел-іздестіру шаралары барысында 2022 жылдан бері тергеуден бой тасалап, халықаралық іздеуде жүрген Қызылорда қаласының 44 жастағы тұрғыны құрықталды.


Полицейлер күдіктіні Қызылорда қаласында жасырынып жүрген жерінен анықтады. Қазіргі уақытта ол уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды.


Тергеу амалдары жалғасып жатыр.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.