Сыммен өзін буындырып өлтірмек болған әйел құтқарылды

1 352

Фото: istockphoto.comОралда суицид жасамақ болған әйел адамды полицейлер құтқарып қалды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

БҚО ПД мәліметінше кешкі уақытта 102 пультіне әйел адамнан хабарлама түскен. Ол суицид жасауға ниеттеніп отырғанын айтқан.

«Оқиға орнына Ермұхан Құбаш пен Бейбіт Айтмұханбетов құрамындағы патрульдік полиция дереу аттанды. Айтылған мекенжайға келген полицейлер пәтердің есігі ішінен құлыптаулы екенін анықтады. Уақытты жоғалтпай, олар есікті ашу үшін бар күшін салды. Ішке кірген кезде, патрульдік қызметкерлер жуыну бөлмесінде тұрмыстық техниканың сымын пайдаланып, өз-өзіне қол жұмсамақшы болған әйелді көреді. Полицейлердің жедел әрекетінің арқасында қайғылы оқиғаға жол берілмеді. Абырой болғанда, әйелдің өміріне қауіп төніп тұрған жоқ. Ол медицина мамандарына тапсырылды», - делінген ПД хабарламасында.



OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.