76 млн теңгені жымқырған мектеп есепшісі 7 жылға сотталды

1 065

Маңғыстау облысында жалпы білім беретін мектептерінің бірінде 76 млн теңгеден астам бюджет қаражаты жымқырылған, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі облыстық прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


"Штаттық кесте мен банктік шоттарды салыстыру барысында 3 жыл бойы өзіне артық соманы есептеген мектептің бас бухгалтерінің тиісті және іс-жүзінде төленген жалақысының арасындағы айырмашылық анықталды", - делінген прокуратураның хабарламасында.


Ведомствоның мәліметінше, аталған факті бойынша прокурорлармен қылмыстық іс қозғалып, тергеу экономикалық тергеу департаментіне тапсырылды.


Тергеу барысында аталған мектептің есепшісі кінәсін толықтай мойындады.


Сот үкімімен кінәлі адам Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 189-бабының 4-бөлігі (сеніп тапсырылған мүлікті иемдену және ысырап ету) бойынша 5 жыл мерзімге материалдық-жауапты лауазымдарды атқару құқығынан айырыла отырып, 7 жылға бас бостандығынан айырылды.


Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.