Қызылордада халықаралық іздеуде жүрген қылмыскер ұсталды
Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.
Қызылордада халықаралық іздеуде жүрген қылмыскер құрықталды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
10 мамыр күні Қызылорда облысы полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлерімен жүргізілген жедел-іздестіру шаралары барысында 2022 жылдан бері тергеуден бой тасалап, халықаралық іздеуде жүрген Қызылорда қаласының 44 жастағы тұрғыны құрықталды.
Полицейлер күдіктіні Қызылорда қаласында жасырынып жүрген жерінен анықтады. Қазіргі уақытта ол уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды.
Тергеу амалдары жалғасып жатыр.
Қаз
Рус






