Мас күйінде көлік жүргізген мектеп директоры 15 тәулікке қамалды

1 538

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Павлодарда ауыл мектебінің директоры мас күйінде көлік жүргізіп, 15 тәулікке қамауға алынды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Директор 15 қыркүйекте ұсталды.


"Сот отырысында ер адам алкогольді ішпегенін түсіндіріп, өз кінәсін мойындамады. Сонымен қатар, сотта жүргізушінің дәлелдері сот-медициналық сараптаманың қорытындысымен, лауазымды тұлғаның түсіндірмесімен және полицейдің жетонындағы бейнежазбамен жоққа шығарылды", – делінген хабарламада.


15 тәулікке әкімшілік қамауға алудан басқа, директор жеті жыл мерзімге көлік құралдарын басқару құқығынан айырылды.


Қаулы заңды күшіне енген жоқ.


OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.