Ондаған отбасыны баспанасыз қалдырған құрылыс компания басшысы сотталды

1 500

Фото: Opennews.kz ЖИҚостанайда ондаған отбасын баспанасыз қалдырған құрылыс компаниясының басшысы сотталды. Ол азаматтардан пәтер сатып алуға ақша тартуға рұқсаты болмаса да, екі жарым жыл бойы тұрғындармен шарт жасасып келген, - деп  хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Прокуратура мәліметінше, компания директоры құрылысты аяқтау мүмкін емес екенін біле тұра, азаматтардан ақша алуды жалғастырған.

Тергеу мәліметінше, 2022 жылғы сәуірден 2024 жылғы қарашаға дейін компания басшысы азаматтардан 123 млн теңгеден астам қаражат тартқан. Ақша оның жеке қалауы бойынша жұмсалған.

"Құрылысты аяқтау мүмкін еместігін біліп тұрса да, азаматтардан ақша алуды жалғастырды. Салдарынан ондаған отбасы уәде етілген баспанасыз және инвестициясыз қалды", – деп хабарлады прокуратура.

Сот талқылауы барысында барлық жәбірленушілерге келтірілген шығын толық өтелген. Сот үкімімен құрылыс компаниясының басшысына пробациялық бақылау белгіленіп, шартты түрде бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сонымен қатар оған 5 жыл бойы құрылыс ұйымдарында басшылық қызмет атқаруға тыйым салынды.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.