Прокуратура Болат Назарбаев пен оның бұрынғы әйеліне қатысты қылмыстық істің қозғалғанын растады
Экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың ағасы Болат Назарбаев пен оның бұрынғы әйелі Майра Құрманғалиеваның үстінен түскен арыз бойынша қылмыстық іс қозғалғаны расталды, деп жазады ҚазТАГ. Бұл жөнінде Opennews.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Бұған дейін Болат Назарбаев пен оның бұрынғы әйелі Майра Құрманғалиеваның кәсіпорынды басып алу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалғаны туралы ақпарат тараған. Алғашында журналист Михаил Козачков таратқан ақпаратты кейін Қаржы мониторингі растаған.
14 шілдеде Алматыда белгілі бизнес құрылымдарын күшпен басып алуды мақсат еткен рейдтік топтың әрекетінің алдын алғаны белгілі болды. Қаржы мониторингі агенттігінің (AFM) мәліметінше, "кінәлілер зорлық-зомбылық, қоқан-лоққы және бопсалау арқылы елдегі белгілі кәсіпкерлерді өз мүлкін тегін беруге мәжбүрлеген".
Елімізде жылдың басында болған қаңтар оқиғаларынан кейін Нұрсұлтан Назарбаевтың інісінің тарапына айтылған айыптаулар көбейді. Бірнеше кәсіпкер оны “ықпалын пайдаланып”, кәсібін рейдерлікпен жолмен тартып алды деп шағымданды.
Еске салайық, 19 мамырда Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев рейдерлікпен күресті күшейтуді тапсырған болатын.
28 шілдеде Майра Құрманғалиевадан жәбір көргенін айтқан әйелдің арызы бойынша құқық қорғау органдарының Құрманғалиеваға қатысты он жыл бұрын қозғалған қылмыстық істі тергеуді қайта бастағаны белгілі болды.