Азаматтық некедегі жұбайын пышақтап өлтірген ер адам ұсталды

1 517

Фото: Nur/kz Владимир ТретьяковАлматы облысы Талғар ауданы Рысқұлов ауылында әйел адам кісі қолынан қаза тапқан. Оны өлтірді деген күдікпен 45 жастағы ер адам ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған,- деп хабарлайды Оpennews.kz ақпарат агенттігі.

Алдын ала мәлімет бойынша, отбасылық жанжал кезінде ауыл тұрғыны азаматтық жұбайына пышақпен екі рет соққы жасап, салдарынан жәбірленуші бірнеше сағаттан кейін көз жұмған.

Әйелдің денесіндегі жарақаттарды туыстары анықтаған. Оқиға орнына жеткен полиция қызметкерлері күдіктіні ұстап, қамауға алған.

"Қазір болған оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты, толық әрі объективті анықтауға бағытталған тергеу әрекеттерінің кешені жүргізіліп жатыр. Тергеу шараларының нәтижесі бойынша қолданыстағы заңнама талаптарына қатаң сәйкес процессуалдық шешім қабылданады", - деп хабарлады полиция.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.