«Шерзатты өзінің әкесі өлтірді»: Блогер шулы мәлімдеме жасағаны үшін 20 тәулікке қамалды

2 417

Коллаж: Stan.kzСот «Доктор» лақап атымен танымал блогер Бауыржан Әбдірахманға қатысты үкім шығарды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Ол әлеуметтік желіде марқұм Шерзат Полаттың әкесі Қаржаубайды өз ұлының қазасына тікелей айыптап, ашық мәлімдемелер жасаған болатын.

Сот блогердің айтқандарын шындыққа сәйкес келмейді және жала жабу деп таныды. Нәтижесінде Әбдірахман 20 тәулікке қамауға алынып, көпшілік алдында кешірім сұрауға міндеттелді. Сонымен қатар ол Шерзат Полаттың отбасына 400 мың теңге моральдық өтемақы мен 500 мың теңге өкілдік шығын өтеуі тиіс.

Отбасының адвокаты Мейірман Шекеев сот шешімін әділ деп бағалады.

– «Докторға қатысты үкім шықты. Бұл біздің жеңісіміз. Шерзаттың отбасына орынсыз тағылған айыптардың енді заң жүзінде жауабы берілді. Ол кешірім сұрап, өтемақы төлеуі керек», – деді ол.

Айта кетейік, блогер TikTok-та Шерзат Полаттың өліміне байланысты даулы бейнематериалдар жариялап, онда марқұмның әкесін айыптаған еді.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.