Қызылорда облысының әкімі әйел-аналармен кездесіп, мерекемен құттықтады

163
8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні қарсаңында облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев әйел-аналармен кездесіп, еркін форматта пікірлесті және жаңадан «Алтын алқа» иегері атанған аналарды марапаттады, -  деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.



Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, құттықтау сөзінде аймақ басшысы қоғамдағы әйел адамның жоғары рөл атқаратынын атап өтті.

"Барша қазақтың ортақ мақтанышы, сұлулық пен ерліктің символына айналған Тұмар ханым, Ақжүніс, Қыз Жібектің, ел басына іс түскен қиын кезеңдерде басын оққа байлаған Әлия, Мәншүк, Хиуаз ұлт батырларының есімдері тарих төрінде алтын әріптермен жазылып қалды. Несібесін жерден көріп, ерен еңбектің үлгісін көрсеткен жерлестеріміз Сәлима Жұмабекова, Шырынкүл Қазанбаева, Ұлбала Алтайбаева, Жадыра Таспамбетова секілді апаларымыз бен ұлт руханиятын, мәдениетін, өнерін асқақтатқан Роза Бағланова, Сәбира Майқанова, Мәдина Ералиева сынды майталман тұлғаларымыздың Сырдың шежірелі тарихындағы орны ерекше. Аймақтың дамуына ерекше атсалысқан жандардың, оның ішінде әйел-аналарымыздың қалай құрметтесек те жарасады," - деді Н.Нәлібаев.

Айта кетейік, күні кеше облыс әкімі мереке қарсаңында ұлағатты ұстаз, Қызылорда облысының құрметті азаматы Алма Ақдәулетованы халықаралық әйелдер күнімен және мерейлі 90 жас мерейтойымен құттықтады және «Ана мен бала» орталығындағы жаңа босанған аналарды, ақ халатты абзал жандарды мерекемен құттықтап, ыстық ықыласын білдірді.


Жиында «Алтын алқа» орденінің иегері, тыл ардагері, 10 бала тәрбиелеп, 28 немере, 26 шөберенің қызығын көріп отырған ана Раш Искакова жерлестерін құттықтап, ізгі тілегін білдірді.

Қызылорда облысының құрметті азаматы, «Парасат», «Құрмет» орденінің иегері Алмагүл Божанова өз пікірін білдірсе, «Серпер» жастар сыйлығының иегері Айтжанова Қарлығаш Ана туралы монолог оқыды.


Кездесу соңында Нұрлыбек Машбекұлы Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Жарлығымен «Алтын алқа» алған аналарға марапаттарын табыстады.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.