Қылмыскерлердің тамағына 2000 теңге, ал балаларға 267 теңге
470
Түрмедегі қылмыскерлердің бір күндік асына 2000 теңге бөлінсе, ал балаларға 267 теңге қарастырылған, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі 31 арнаның "Информбюро" жаңалықтар бөліміне сілтеме жасап.
2021 жылдың ақпан айынан бастап Қарағанды облысында кішкентай мектеп оқушыларын тегін тамақтандыру туралы шешім қабылданған. Бастапқыда бюджеттен 1-ші және 2-ші сыныптарға қаржы бөлінсе, қыркүйек айынан бастап 4 сыныптар да қосылды.Мектеп асханасын жалға алушы Марина Троегубова айтуынша бекітілген бірыңғай мәзірге сәйкес, оған екінші ыстық тағам, салат және сусындар кіреді. Және мұның барлығына бар болғаны 300 теңге бөлінген.Сонымен қатар ас мәзірінде аптасына екі рет сиыр еті мен жеміс-жидек болуы керек екенін айтады. Бұл сомадан әлі 12% салық төлейтіні тағы бар.
Маринаның айтуынша келісім бойынша мен сотталғандар мен күдіктілерді де тамақтандырады. Бір жазасын өтеушінің үш мезгілдік тамағы үшін шамамен 2000 теңге бөлінеді. Ал балалардың тамағы үшін бар болғаны – 267 теңге дейді.
Қазақстанда мектептерде ақысыз тамақтандыру Ақмола мен Маңғыстау облыстарында да бар. Ата-аналар үшін бұл үлкен көмек. Бірақ көпшілігі шағымдарын жеткізген.
Қарағанды облыстық білім басқармасы кәсіпкерлер тарапынан келіп түскен шағымдардың көптігінен ведомствоаралық комиссия жинап, бастауыш сынып оқушыларының тамақтануға бөлінген соманы қайта қарауға бекініп отыр. Шенеуніктер де азық-түлік бағасының көтерілгенін түсінеді. Бұл 2020 жылға арналған бюджетті дайындау кезінде ескерілетін болады.