Елімізде еңбекке уақытша жарамсыздық төлемі көбеймек

201
Қазақстанда еңбекке уақытша жарамсыздығы бойынша 1 айға төленетін әлеуметтік жәрдемақы 15 АЕК-тен (51 750 теңгеден) 25 АЕК-ке (86 250 теңгеге) дейін ұлғаймақ, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі. 




Парламенттің төменгі палатасының талқылауына берілген құжатта Еңбек кодексінің бірнеше бабына өзгеріс енгізу ұсынылған. Оның ішінде "Жұмыскерлерге жұмыс берушінің қаражаты есебінен еңбекке уақытша жарамсыздығы бойынша әлеуметтік жәрдемақы төлеу" бабын жаңа редакцияда жазу көзделген.

Еңбекке уақытша жарамсыздығы бойынша 1 айға төленетін әлеуметтік жәрдемақының мөлшері тиісті жыл үшін айлық есептік көрсеткіштің 25 еселенген мөлшерінен аспауға тиіс. Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне және басқа мемлекеттер аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлерге еңбекке уақытша жарамсыздығы бойынша әлеуметтік жәрдемақы мөлшері жалақының 100% құрайды, – делінген депутаттар қарауына түскен құжатта.

Ал жұмыскер еңбек ету барысында жарақаттанса немесе кәсіптік дертке шалдығып, қызметке уақытша жарамсыз деп танылса, онда оған орташа жалақының 100% мөлшерінде әлеуметтік жәрдемақы төленеді.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.