Әткеншектен құлап қалған бала көз жұмды

1 156

 Фото; igrushki.ruАқтөбе қаласы Есет батыр тұрғын алабында 9 жастағы ер бала әткеншектен құлап көз жұмды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Оқиға кеше кешкілік болған. Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, сағат 19:02–де шақырту түседі. Ол кезде денесі құрысып жатыр деп хабарланды. І-санаттағы шақыртуға жедел жәрдем бригадасы сағат 19:09–да жеткен. 

 Жедел жәрдем бригадасы жеткен кезде бала ес-түсін білмейді. Көршілері жүрегіне массаж жасаған. 103 қызметінің мамандары бірден реанимацияға кірісіп, 30 минут бойы құтқаруға тырысты. Бірақ ол нәтиже бермеді. Сағат 19:41–де ми қызметі тоқтады. Қойылған диагноз: ашық бас-ми жарақаты, бас сүйегінің негізгі бөлігінің, мойын омыртқасының жабық сынуы. Сонымен бірге 103 қызметі жеткенше жүрекке массаж жасалғаны белгілі. Сол кезде қабырғасы зақымданып, өкпеге ауа жетпей қалған, - деп хабарлады Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметі. 

Осы оқиғадан кейін Қылмыстық кодекстің 306 бабы 3 бөлігімен, яғни, «Қауiпсiздiк талаптарына сай келмейтін тауарларды шығару немесе сату, жұмыстарды орындау не қызметтер көрсету» бабы бойынша іс қозғалды. Қазір сот алды тергеу жүріп жатыр.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.