Ақмолада ер адамның жинаған ақшасын жұмыссыз баласы ұрлаған болып шықты

264
Қазіргі уақытта жәбірленуші ұлын кешіріп, полицияға жазған арызын қайтарып алды, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

13 мамырда Көкшетау қаласының Полиция басқармасына облыс орталығының тұрғынынан шағым келіп түсті. Ол протез аламын деп жинап, үйде тыққан 600 мың теңгесі ұрланғанын айтып, оны тауып беруді өтінді. Тексеру жұмыстарының нәтижесінде, жәбірленушінің 54 жастағы жұмыссыз баласының ақшаны пайдаланғаны анықталды,- дейді ҚР ІІМ баспасөз қызметі.

Іздестіру іс-шаралары барысында полиция мен еріктілер Бурабай ауданының аумағында жәбірленушінің ұлының тұрған жерін анықтады. Ер адам әкесінің қаражатын өз қажеттіліктеріне жұмсағанын мойындады.

Қазіргі уақытта жәбірленуші ұлын кешіріп, берген арызын қайтарып алды, делінген ведомства хабарламасында.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.