4-сынып оқушылары сыныптасын соққыға жықты

1 529

Фото: Вечерняя КарагандаҚарағандыда №24 мектептің 4-сынып оқушылары сыныптасын жабылып ұрып-соқты деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

10 жастағы Мирас Мамаев қазір Оңтүстік-Шығыс ауданындағы балалар ауруханасының нейрохирургия бөлімінде жатыр. Бала төбелестен кейін өзін жайсыз сезінген соң анасы оны емханаға жеткізген. Дәрігерлер жағдайды бағалап, ми шайқалу күдігімен және ішкі ағзаларынан жарақат бар-жоғын анықтау үшін дереу ауруханаға жатқызған.

Жәбірленушінің анасы Жібектің айтуынша, төбелес мектеп қақпасының сыртында орын алған.Үш бала Мирасты алдын ала тосып тұрған.

“Балама олар жеке-жеке шамасы келмейтін. Ол каратэге қатысады. Сондықтан екеуі қол-аяғын ұстап, үшіншісі үстіне мініп алып ұрған”, – деді ол.

Медициналық тексерістен соң оқиға туралы ақпарат ювеналдық полицияға берілген. Үш оқушының тек біреуінің ата-анасы ғана кешірім сұраған. Қалғандары оқиғаға қатысты ешқандай түсініктеме бермеген. Жанжал балалар арасындағы қарапайым реніштен басталған. Жәбірленушінің анасы арызын қайтарып алмайтынын және баласына қол жұмсағандарға лайықты шара қолданылуын талап ететінін айтты.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.