Көшеде қару асынып жүрген ер адам ұсталды
ҚР ІІМ Ұлттық ұланының 3660 әскери бөлімінің әскери қызметшілері Қонаев қаласында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету барысында суық қару алып жүрген азаматты анықтап, ұстады, - деп хабарлайды Оpennews.kz ақпараттық агенттігі.
Патрульдік қызмет барысында 3660 әскери бөлімінің патрульдік топ бастығы кіші сержант Азамат Байғұл және патрульшілер қатардағы Досмырза Мырзахмет пен Бексұлтан Майлыбай өздеріне бекітілген аумақта қала тыныштығын қамтамасыз етіп жүрген.
Қаз
Рус






