Көшеде қару асынып жүрген ер адам ұсталды

1 515

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: Gov.kzҚР ІІМ Ұлттық ұланының 3660 әскери бөлімінің әскери қызметшілері Қонаев қаласында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету барысында суық қару алып жүрген азаматты анықтап, ұстады, - деп хабарлайды Оpennews.kz ақпараттық агенттігі.                              

Патрульдік қызмет барысында 3660 әскери бөлімінің патрульдік топ бастығы кіші сержант Азамат Байғұл және патрульшілер қатардағы Досмырза Мырзахмет пен Бексұлтан Майлыбай өздеріне бекітілген аумақта қала тыныштығын қамтамасыз етіп жүрген.

"Қызмет атқару кезінде әскерилер оларды көре сала жасырынуға тырысқан күдікті азаматты байқап, тоқтатып, өздерін таныстырып, тексеру жүргізген. Сыртқы тінту барысында азаматтың бойынан ұзын жүзді суық қару – мачете табылған. Аталған азамат одан әрі процессуалдық шаралар қабылдау үшін Қонаев қаласының полиция басқармасына тапсырылған. Қазіргі уақытта осы факті бойынша тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр", – делінген хабарламада.




OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.