Қызылордада пәтер өртенді

1 510

Фото: inbusiness.kzҚұтқарушылар тұрғын үйдегі өртті шағын аумақта жедел сөндірді, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі. 

Қызылорда қаласында бес қабатты тұрғын үйдің бір пәтерінен өрт шықты.

Оқиға туралы ақпарат 112 пультіне Қазантаев көшесіндегі үйден түскен.

Төтенше жағдай орнына келген ТЖМ қызметкерлері пәтерде тұрмыстық заттар мен терезе құрылымының жанғанын анықтады.

Құтқарушылар тұрғын үйден екі адамды эвакуациялап, өртті шағын аумақта жедел сөндірді.

Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.