Қызылорда облысында туризм саласына инвестиция тарту жоспары 201 пайыз орындалды

1 533

Бүгінгі Үкімет отырысының күн тәртібінде туризмді дамыту мәселесі қаралды. Үкімет отырысынан кейінгі арнайы мәжілісте облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев мәселенің маңыздылығын баса айтып, жауапты басшыларға бірқатар тапсырма берді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


«Елімізде туризмді дамыту – мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі. Бұл арқылы біз өңірдің экономикалық жағдайының жақсара түсуіне, әлеуметтік мәселелердің шешілуіне қол жеткіземіз. «Туристік қызмет туралы» Заң аясында мемлекеттік қолдаудың нақты тетіктері айқындалды. Өткен жылы Үкімет «ҚР Туристік саласын дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын» бекітті. Осындай бастамалар мен реформалар туризмнің дамуына тың серпін берді. Өткен жылдың қорытындысымен туризм саласындағы нысаналы индикаторлардың орындалу көрсеткішінде оң динамика қалыптасты. ҚР Туризм және спорт министрлігі бекіткен жоспар аясында салаға салынған инвестиция көлемі 20,7 млрд теңгені құрап, жоспар 201 пайызға орындалды», – деді аймақ басшысы.


Дегенмен, кейбір аудандарда Қызылорда облысының 2021-2025 жылдарға арналған даму жоспарына сәйкес белгіленген меженің орындалу барысы төмен. Нұрлыбек Машбекұлы аудан әкімдеріне қажетті шара қабылдап, жұмыс қарқынын жылдамдатуды тапсырды.Айта кетейік, биыл өңірдің туристік әлеуетін арттыру бағытында нақты шаралар қабылданды.


Сәуір айында Еуроодақ елшілері Сыр өңіріне арнайы келіп, инвестициялық мүмкіндіктермен танысты. Аймақтың туристік тартымдылығын арттыру бағытында жаңа автовокзал пайдалануға берілді. «Қорқыт ата» әуежайының жаңа терминалының құрылысы аяқталды.


Сондай-ақ, туристер тасымалына қолайлы жағдай жасау үшін 100 экотакси сатып алу жоспарлануда.Өткен жылдың қорытындысына қарағанда, ішкі туристер саны 113 мың, сыртқы туристер саны 3980 адамға жеткен. Облыста 4195 орынға лайықталған 150 орналастыру жайы бар. 2022 жылдың есепті кезеңімен салыстырғанда бұл көрсеткіш 112,8 пайызға артты.Былтырғы жазғы демалыс маусымында облыстағы 13 шағын және 2 ірі демалыс орнына 110 мың демалушы келді, 70 мыңға жуық адамды «Қамыстыбас» және «Ханқожа көлі» демалыс аймақтары қабылдады. Олардың иелеріне алдағы демалыс маусымында қауіпсіздік шараларын күшейту және санитарлық тазалық талаптарын қатаң сақтау жөнінде тиісті тапсырмалар берілді.


Қазіргі уақытта облыста 806 орынға есептелген 5 шипажай жұмыс істейді. Шипажайларға биылғы қаңтар-сәуір айларында 2587 адам келген. Жол инфрақұрылымы да қарқынды дамып келеді. «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» автокөлік дәлізінің Қызылорда облысындағы бөлігінде 53 жол бойы қызмет көрсету кешені жұмыс жасайды. Былтыр туристерге тартымды орындарда 17 санитарлық-гигиеналық торап талаптарға сәйкестендіріліп, күтіп ұстау шығындары мемлекет есебінен субсидияланды. Биыл 21 нысанға мемлекеттік қолдау шараларын көрсету үшін 21 млн теңге бөлініп, 14 кәсіпкердің субсидиялау туралы өтінішіне комиссия оң қорытынды берді.

Әлемнің әр торабында турист тарту ісі үлкен тенденцияға айналған. Сарапшылардың пікірінше, қазіргі кезде әлемдік экономикада қарқыны төмендемейтін саланың бірі – туризм.


Бұл сала Қазақстанда да кең қанат жайып, ел экономикасының өсіп-өркендеуіне үлес қосуда. Десе де, туризм саласының қарқынын тежеп тұрған түрлі факторлар бар. Мәселен, туристік аймаққа апаратын жолдың сапасының нашарлығы, туристер тұрақтайтын орынның аздығы, қонақ үйлердің қызмет көрсету құнының қымбаттығы туризмнің дамуын тұсаулап тұр. Соған қарамастан, саяхатшылар мен туристер елдегі табиғатты, тарихи және көрікті жерлерді тамашалауға, демалыстан ләззат алуға әлемнің түкпір-түкпірінен туристер көптеп келеді. Ішкі туризмді қолдау мақсатында мен де Қазақстанның тарихи және көрікті жерлеріне жиі барып тұрамын. Әйтсе де, елдегі туристік нысандарда демалу қалтаны қағады. Есептеуім бойынша, ел ішінде кеткен қып-қызыл ақшаға шетел аралап қайтуға болады.


«Табысты бизнестің бірі саналатын туризм саласы Қызылорда облысында қарқыны қалай? Облыс экономикасының күре тамыры күрішке байланған Сыр елі туризм саласына қаншалықты көңіл бөлуде?» деген туризм саласына қатысты сауалдарымызды облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасына жолдадық.


Сыр елінде туристер арнайы келетін тұмса табиғат болмаса да, талай тарихты ішіне бүккен көне қалалар, тәу ететін киелі орындар мен тарихи-мәдени ескерткіш-нысандарға бай өңір. Саяхатшылар үшін олардың қай-қайсысының да маңызы ерекше. Атап айтатын болсақ, бүкіл түркі әлеміне әйгілі Қорқыт ата мемориалдық кешені, әлемдегі теңдесi жоқ ең үлкен ғарыш айлағы болып табылатын Байқоныр кешенi, тарихы тереңде жатқан Сығанақ қалашығы мен «Сауысқандық» петроглифтерi, медициналық бағытты алатын болсақ, «Жаңақорған» шипажайлар кешені, «Қамбаш» көлi секiлдi туристiк дестинациялар жетерлік.


Өңiрiмiзде бүгінгі күні басым туристік аумақтар Арал, Қармақшы, Жаңақорған аудандары. Оның iшiнде Арал ауданынан Барсакелмес қорығы, «Ыстык су» шипалы бұлағы, құмды шөл төбелері, Қамыстыбас демалыс аймағын айта кеткен жөн.


Сала мамандарының берген ақпаратына сүйенсек, 2021 жылы өңiрiмiзге 94346 турист келген. Бұл көрсеткiш 2020 жылмен салыстырғанда 1,5 есеге артқан көрінеді. Сондай-ақ, туристер өңірдегі Байқоңыр кешенi, Қорқыт ата мемориалдық кешенi, Қамбаш демалыс аймағы, Ханқожа көлiне, және «Жаңақорған» шипажайына көптеп барған. 


Жалпы, туризмді дамытуда атқарылып жатқан жұмыстар жоқ емес. Десе де, Сыр еліне арнайылап ат басын бұрып, тарихи жерлерге тамсанып жүрген туристер бірлі-жарым болмаса, ағылып келіп жатқан адам жоқтың қасы. Ал, алысқа бармай-ақ, көрші жатқан Түркістан облысын мысалға алсақ, Қожа-Ахмет Яссауи кесенесіне, Арыстан баб кесенесіне, Орта Азияда ең үлкен үңгір саналатын Ақмешіт үңігіріне, Гаухар ана мен Домалақ ана кесенелеріне күнделікті туристер үздіксіз барады. Тарихына қызығып арнайы баратын туристердің саны күнде мыңнан асып жығылады. Ал, сенбі-жексенбі күндері келушілер саны екі есеге артады.


Біздің облыста тарихи қалалар мен орындардан кенде емес. Сыр елінде де көпшілік тәу етер қасиетті орындар да жетерлік. Одан қалды, Дүниежүзiлiк ЮНЕСКО ұйымының тарихи-мәдени нысандар тiзiмiне енгiзiлген «Сығанақ» калашығының тарихы әр жанды қызықтыратыны анық. Тек барды ұқсатып, туризмнің тамырына қан жүгірте алмай отырған өзіміз секілді.


– Сығанақ қалашығын мәдени-тарихи орын ретiнде ұстап тұру үшiн арнайы мекеме теңгерiмiнде болуы қажет. Осыған орай, Сығанақ калашығының туристік аймақ ретiнде калыптастыру мақсатында Түркістан облысындағы «Отырар», «Сауран» қалашықтары секiлдi республикалық мемлекеттік кәсіпорын деңгейiнде мекеме ашып, теңгерімге алу мәселесі пысықталуда.


Ал, Жанкент қалашығына 2005 жылдан бастау алған зерттеу жұмыстарымен қоса 2014 жылдан бастап бүгiнгi күнге дейiн облыстық бюджеттен каржы бөлiнiп, Қызылорда облыстық тарихи және мәдени ескерткіштерді қорғау мекемесі мен Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттiк университетiнiң арасындағы келiсiм-шарт негiзiнде археологиялық қазба жұмыстары жүргiзiлуде. 2019 жылы республикалык бюджет есебiнен, қорғанның оңтүстiк-шығыс қабырғаларына қайта жаңғырту (реставрация) жұмыстары жүргiзiлiп, қалашықтың кіре беріс аузына 12 метрлік «Жанкент» стеласы орнатылды, – дейді Фердоуси Әбілқасымұлы.


Мұнан бөлек, сала басшысының айтуынша, өңірдегі туризм саласын дамыту мақсатында 2021 жылы имидждiк iс-шаралар өткiзiлген. 


«Қолөнер – асыл қазына» атты қолөнершiлер фестивалі мен отандық туристік фирма және БАҚ өкілдеріне арналған Қызылорда облысы бойынша ақпараттық тур ұйымдастырлды. Сонымен қатар, қонақ үй және мейрамхана бизнесі персоналдарына менеджмент бойынша семинар-тренинг өткізілді»,– дейді Ф.Қожабергенов.


Туризмнің дамуына тікелей жауаптының бірі үкімет болса, екіншісі – кәсіпкерлер. Сол себепті, биылдан бастап туризм саласындағы кәсіпкерлерге мемлекет тарапынан қолдау көрсетіліп келеді.


– Атап айтқанда, кәсiпкерлiк субъектiлерiнiн санитариялық-гигиеналық тораптарды күтіп-ұстауға арналған шығындарының бiр бөлiгiн субсидиялау үшiн, яғни санитарлы-гигиеналық тораптарды кутiп ұстауға айына 83300 теңге көлемiндегi қолдау, кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң жол бойындағы сервис объектiлерiн салу бойынша шығындарының бiр бөлiгiн өтеу, туристік қызметті жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектiлерiне сыйымдылығы жургiзушiнiң орнын қоспағанда, сегiзден астам отыратын орны бар автокөлік құралдарын сатып алу бойынша шығындардың бір бөлігін өтеу, туристік қызмет объектiлерiн салу, реконструкциялау кезiнде кәсiпкерлiк субъектiлерi шығындарының бiр бөлiгiн өтеу арқылы мемлекет кәсіпкерлерге қолдау көрсетуде. Бұның негізгі мақсаты – елдегі туризм саласын дамыту, алға ілгерлету,– дейді облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасы басшысы Ф.Қожабергенов.


Біз қалаға жақын маңдағы және Бәйгеқұмдағы тынығу орындарының бір күндік демалыс құнын сұрағанымызда еселеп өсіп кеткенін білдік. Содан болар, қызылордалықтар Түркістан облысына, қазақстандықтар шетелге жазғы демалысын арнайды. Не істеу керек? Сыр өңірінің туризм әлеуетін дамыту үшін жанашырлық пен жүйелі жоспар керегі байқалады. Осыдан кейін аймақ экономикасының дамуына ықпалы зор туризм саласы Сыр елін өркендетіп, өсіре ала ма әлде біздегі сала мамандары туризм саласының өрісін тарылтып, өшіріп ала ма? Анығын алдағы уақытта көрерміз. Біздікі жергілікті билік пен сала мамандарына ой тастау.

Елімізде құлашын кеңге жаза алмай келе жатқан саланың бірі – туризм. Соған қарамастан, біздің елдегі әрбір өңірдің туристік мүмкіндігі жоғары болып қала береді. Оның ішінде Қызылорда облысының алар орны ерекше. Қызылорда облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының бізге ұсынған ресми мәліметіне сүйенсек, 2022 жылдың екінші тоқсанында өңірге туристік мақсатта 50 633 адам келген. Оның 761-і –шетел азаматы. Өткен жылдың деңгейімен салыстырғанда көрсеткіш 19,8 пайызға өскен.


"Бүгінде облыс бойынша 3 734 жатын орны бар 122 орналастыру орыны жұмыс істеп тұр. Олардың 101-і – қонақүй, қалған 21-і – хостел, мотель, жалға берілетін тұрғын үйлер мен пәтерлер. Облыстағы орналастыру орындарында жатын орынның тәуліктің орташа құны 7 922 теңгені құрады. Көрсеткіш республикадағы орташа бағадан (9 542 теңге) 17 пайызға арзан. Орналастыру орындарында келушілерге көрсетілген қызмет көлемі 582,6 млн теңгеге тең. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен (536,2 млн теңге) с алыстырғанда көрсеткіш 46,2 млн теңгеге артқан", – деп нақтылады Қызылорда облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы басшысының орынбасары Р.Сұлтангереев.

Жазғы демалыс маусымында облыста 13 шағын және 2 ірі курорт жұмыс істейтінін біреу білсе, біреу білмейді. Осы жылы оларға 53,5 мың демалушы келген. Оның ішінде 20 мың демалушыны "Қамыстыбас" (Қамбаш) және "Ханқожа көлі" (Бәйгеқұм) демалыс аймақтары қабылдаған. Бүгінде демалыс аймақтарында бір жолғы сыйымдылығы 800 жатын орынды құрайтын 162 қонақ күту үйі жұмыс істеп тұр.


"13 шағын демалыс орнында биылғы келушілердің саны 33,5 мың адамды құрады. Оның ішінде 11 мың адамды "Сыр самалы" қалалық жағажайы қабылдаған. "Белкөл" кентіндегі "Абай" жағажайына 1,5 мың адам орнықса, қалған 21 мың адам "Арай аква", "Аква Гранд", "Аква Хауз", "Селена аква", "Сабалак аква", "Керуен", "Шах", "Дала паркі", "Пмк-26", "Пмк-29" "Сырдария толқыны" демалыс орындарында демалған", – деді басқарма басшысының орынбасары.


Қызылорда шипажайларымен де көпке танымал. Қазіргі уақытта облыста жалпы сыйымдылығы 380 орынға есептелген 4 шипажай жұмыс істеп тұр. Биыл келушілердің саны 15 767 адамды құраған. Тарқатып айтсақ, "Жаңақорған шипажайы" акционерлік қоғамы (380 орын) 10 721 адамды қабылдаған. "Жаңақорған шипажайы" ЖШС-на (76 орын) 1 496 адам келсе, "Ақ-Шуақ" ЖШС (80 орын) 1 700 адамға қызмет көрсеткен. Ал "Орда-Сығанақ" ЖШС (120 орын) 1 850 адамды қабылдапты. Сонымен қатар жыл соңына дейін "Жан-Арай" ЖШС-мен салынып жатқан жалпы құны 1,2 млрд теңгені құрайтын 120 орындық заманауи үлгідегі шипажай пайдалануға берілетін болады.


"Жол бойындағы сервистік кешендерге басымдық беріп отырмыз. "Батыс Еуропа – Батыс Қытай" халықаралық автомобиль дәлізінің бойында 51 жол бойы сервистік объектісі жұмыс істейді. Бүгінде олардың 42-сі немесе 82,3 пайызы ұлттық стандартқа сәйкестендірілген. Автожол дәлізінің бойында осы жылы инвестициялық құны 3,2 млрд теңгені құрайтын 5 жаңа жол сервистік нысаны пайдалануға берілді. Одан бөлек, 24 санитарлық-гигиеналық тораптарды іске қосу, оның ішінде 20 торапты қайта жаңғырту және 4 торапты жаңадан салу көзделуде. Тораптардың жай-күйін күтіп-ұстауға республикалық бюджеттен тиісті қаржы қарастырылған", – дейді Р.Сұлтангереев.


Тарихи-мәдени нысандарымен аты алысқа тараған Қызылорда бұл бағытты да туристік мүмкіндік ретінде қарастырып келеді. Қазіргі күні Қызылорда облысында 556 тарихи-мәдени мұра нысаны мемлекеттік қорғауға алынған. Оның 31-і – республикалық, 256-сы – жергілікті маңызы бар нысан. "Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы" жобасы аясында облыс бойынша 12 жалпыұлттық және 60 өңірлік киелі нысан тізіміне енгізілген.


"Биыл қажетті инженерлік-коммуникациялық және көлік инфрақұрылымын тарту мақсатында 3 туристік тарихи нысанға арналған сметалық жобалар әзірленіп, "Қазақ Туризм" компаниясына ұсынылды. Оның ішінде Сараман-қоса мұнарасын абаттандыру және автомобиль жолын жөндеу, Жанкент қаласындағы автокөлік жолын жөндеу және көше жарығын орнату, Марал Ишан кесенесіне кіреберіс автомобиль жолын қайта жаңарту жобалары бар. Бүгінде қаржыландыру мәселесі "Қазақ Туризм" компаниясымен бірлесе пысықталуда. Сонымен қатар еліміздің 20 өңірінде көрікті жерлерді аралауды ынталандыру арқылы ішкі туризмді ілгерілету мақсатында жүзеге асырылып отырған NeoNomad#20 акциясы аясында "Қорқыт Ата" мемориалдық кешені жанынан фотоспот орнатылды", – деді Қызылорда облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы басшысының орынбасары.