Қазақстандағы жаппай лаңкестік: Бизнеске келген шығын 95 млрд теңгеден асты

329

"Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасы бизнеске келген шығынға қатысты мәлімдеме жасады,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап. 


Ұлттық кәсіпкерлер палатасының хабарлауынша байланыс орталығына 3 507 қоңырау түскен. Оның ішінде:
  • Мародерлік мәселелері бойынша – 1669;
  • форс-мажор – 138;
  • блок-бекеттер – 2;
  • зардап шеккен кәсіпкерлерді қолдау қоры бойынша – 11;
  • жеке тұлғалардан түскен қоңыраулар – 1671.
Еліміздің 9 өңіріндегі 1709 нысанда орналасқан 1528 зардап шеккен бизнес субъекті анықталды, оның ішінде Алматы қаласында – 1578 нысанда орналасқан 1408 субъект.

Зардап шеккен бизнес салалары:
  • Сауда – 1448;
  • қоғамдық тамақтану – 32;
  • қаржы секторы – 37;
  • логистика – 9;
  • БАҚ – 2.
Шығынның жалпы сомасы алдын ала есепке сәйкес 95,3 млрд теңгеден асты. Оның ішінде 93,8 млрд теңге – Алматыда.

Айта кетсек, 11 қаңтардағы жағдай бойынша, Қазақстанда жаппай тәртіпсіздіктерге қатысқан 9900 адам ішкі істер органдарына жеткізілді.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.