Бекболат Тілеухан Нұр-Сұлтанның атауын қайта өзгертуге қарсы шықты
Бекболат Тілеухан Қазақстан астанасының бұрынғы атауына қалпына келтіруге қарсы шықты. Ол елорданың Нұр-Сұлтан аталуы - тарихи әділдік екенін алға тартты, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұрынғы Мәжіліс депутаты өзінің Facebook желісіндегі парақшасында жария етті.
Ол Нұрсұлтан Назарбаевтың еңбегіне тоқтала келе, Нұр-Сұлтан қаласының атауын қайта Астана деп атауға қарсы шықты.
Тілеуханның айтуынша, ол “Кеше ғана Хрущевтың шеңберінен әупіріммен аман қалған Ақмол еді ғой. Сол Ақмоланы алашқа астана қылғанды ойдың тереңін түсінетін жөніміз бар ғой, ағайын. Астанамыздың Нұр-Сұлтан аталуы – бұл тарихи әділеттілік. Ердің ерекше еңбегіне берілген баға”, – деді ол.
Қаз
Рус






