Бекболат Тілеухан Нұр-Сұлтанның атауын қайта өзгертуге қарсы шықты

155

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Бекболат Тілеухан Қазақстан астанасының бұрынғы атауына қалпына келтіруге қарсы шықты. Ол елорданың Нұр-Сұлтан аталуы - тарихи әділдік екенін алға тартты, деп хабарлайды  Opennews.kz ақпарат агенттігі  Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап.



Бұрынғы Мәжіліс депутаты өзінің Facebook желісіндегі парақшасында жария етті. 

Ол Нұрсұлтан Назарбаевтың еңбегіне тоқтала келе, Нұр-Сұлтан қаласының атауын қайта Астана деп атауға қарсы шықты.

“Алатаудың баурайында туған Алматы облысының жігіті Алматыдан астананы Ақмолаға ауыстырды. Руласы да, сырласы да қарсы болды. Сол кезде бәрі қарсы болды, бәріміз куәміз. Ештеңеге қарамады. Ауыстырып алып келді. Өйткені мұрат – асыл, мақсат – айқын болатын. Қазаққа қажетті болашақты болжай білгендіктен де ол солай істеді. Осы бір терең сарабдал саясатының тереңіне бойлай алмай қалғанымыз ба, ағайын?”, – деді ол.


Тілеуханның айтуынша, ол  “Кеше ғана Хрущевтың шеңберінен әупіріммен аман қалған Ақмол еді ғой. Сол Ақмоланы алашқа астана қылғанды ойдың тереңін түсінетін жөніміз бар ғой, ағайын. Астанамыздың Нұр-Сұлтан аталуы – бұл тарихи әділеттілік. Ердің ерекше еңбегіне берілген баға”, – деді ол.

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.