Білім бөлімінің басшысы балалардың жазғы демалысына бөлінген ақшаға жеке кәсіп ашқан
Ақтөбе облысы Алға ауданы білім бөлімінің басшысы балалардың жазғы демалысына бөлінген ақша жеке кәсіп ашқан, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
“Диапазон” басылымының жазуынша, қылмыстық іс материалдарында 49 жастағы Жанар Өтепбергенованың қосымша білім беру қызметтері бойынша өзінің оқу орталығын ашқаны көрсетілген. Күдікті өзінің орталығы мен өзі басқарған білім бөлімі арасында шарт жасасу кезінде танысының жеке кәсіпкерлігін пайдаланған. Нәтижесінде осы орталықтың заңсыз қызметінен шенеунік 1 миллион 268 мың теңге пайда тапты.
Шенеунік жетімдер мен аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан балаларға жазғы лагерьге жолдама сатып алуға бөлінген қаржыны да талан-тараж еткен.
«Жазғы кезеңнің соңына қарай ол балалар лагеріне жолдама алуға бөлінген 18 миллион 850 мың теңгені игере алмайтынын түсініп, Мемлекеттік сатып алуды өткізуге шешім қабылдады. Нәтижесінде конкурс шарттары өзгертіліп, лагерьге 203 бала жіберілді, оның ішінде 160 бала жоғарыда көрсетілген санатқа жатпайды, белгіленген 12 күннің орнына 7 күн көрсетілген. Демалыс аяқталғаннан кейін сотталушы ресми қаржылық құжаттарға 12 күнге 300 жолдаманы қабылдағаны туралы жалған мәліметтер енгізеді. Сотталушының заңсыз әрекеттерінің нәтижесінде білім бөлімі ЖШС шотына 10 миллион 280 мың теңге бюджет қаражатын негізсіз аударады»,- деп түсіндірді облыстық соттың баспасөз қызметі.
Өтепбергенованың барлық қылмыстық айла-шарғылары ашылды. Ол мемлекетке келтірілген шығынның орнын толтырып, оған ең аз жазаға кепілдік беретін кінәні мойындау туралы іс жүргізу келісімін жасасты.
Сот айыпталушыны 3,5 жылға бас бостандығын шектеуге үкім шығарды (жаза үйде өтеледі, бірақ кейбір шектеулермен). Сондай-ақ, сот оны жазаның бүкіл мерзімі ішінде жыл сайын 100 сағаттық мәжбүрлі жұмысқа үкім шығарды. Сот үкімімен оған мемлекеттік қызметте өмір бойы жұмыс істеуге тыйым салынады.