Қостанайда сүйіктісімен ұрсып қалған 17 жастағы жігіт көпірден секірді

350

Қостанайда 17 жастағы жігіт адамдардың көзінше көпірден секіріп кеткен- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

"102" пультіне көпірден өзенге секірген адам туралы хабарлама 1 қараша күні кешке түсті. Екі минуттан кейін полиция оқиға орнына жеткен.

"Біз  адамның батып бара жатқанын көрдік. Судың салқын екенін ескерсек, ол бірден көз жұмуы мүмкін еді", – дейді Батыржан Бейсенбин.

Патрульдік полиция жігітті жағаға шығарып, зардап шеккен адамға алғашқы көмек көрсетті. Тәртіп сақшылары дер кезінде келіп, жас жігіт аман қалды.

Келіп жеткен жедел жәрдем көпірден секірген жігіттің есін жинауына көмектесті. 

Бұл әрекетінің себебі жайлы жауап бергенде, жігіт сүйіктісімен ұрсып қалғанын жеткізді. Алғашқы көмек тәртіп сақшыларына да  көрсетілді. Мырзахан Сұлтанов жағаға шыққан кезде аяғын жарақаттап алған", – деді полиция департаменті басшысының БАҚ-пен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңесшісі Елена Кашарина.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.