Елімізде жынысын өзгерткісі келетін қыз-келіншектердің саны артқан

272
Әділет министрлігі елде 25 адам жынысын ауыстырғанын мәлімдеуде, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі “Информбюро” бағдарламасына сілтеме жасап.



Қазақстанда жынысын өгерткісі келетін әйелдердің саны артқан. Пластикалық хирургтар соңғы уақытта осындай ота жасатуға өтініш білдіріп жатқан нәзік жандылар күрт көбейді дейді. Бірақ, мамандар мұндай операцияны жасау өте қиын болғандықтан, көбін қабылдамаймыз деп отыр. Ал, Әділет министрлігінің мәліметінше, соңғы екі жылда елде 25 адам жынысын ауыстырған. Оның ішіндегі тек алтауы ердің жынысын жасатқан әйел болып шықса, қалғаны әйел болған еркектер екен. Мұндай ота түріне көбіне 19-35 жас аралығындағы арулардан сұраныс мол.

Соңғы кездері жынысын өзгерткісі келетін әйелдердің қатары көбейіп жатыр. Бірақ, әйелдерге ер адамның жынысын жасап беру өте қиын. Оның салдары да оңай емес. Отадан кейін ағзасында түрлі ауыртпашылықтар болып, тіпті созылмалы ауруға айналуы мүмкін. Сондықтан, көбін райынан қайтарамыз, - дейді пластикалық хирург Владимир Кулишов.

Қазақстандықтарға 2009 жылдан бастап жыныс өзгертуге рұқсат етіледі. Алайда жынысын ауыстырғысы келетіндердің 25 пайызы пластикалық ота арқылы мүшесін ауыстырған. Ал қалғаны гармонды еммен ағзасына өзгертулер жасаған. Елде жынысын ауыстырғысы келетіндер әуелі республикалық психикалық денсаулық орталығы жанында құрылған арнайы комиссиядан өтеді. Егер комиссия "транссексуализм" диагнозын растаса, онда ота жасатуға рұқсат беріледі.

Хирургиялық ем халыққа тегін көрсетілетін қызметтің арасына кірмейді. Себебі, бұл әрбір жынысын ауыстырғысы келген адамның өзінің құқығы. Ол құқықты өз бетімен шеше алады. Ол туралы бізде мәлімет жоқ. Білуімізше, бұл кісілер көбінесе қолындағы "транссексуализм" деген диагнозы болған кезде, басқа елдерге шығып сол жерден ота жасатуға құқығы бар, - дейді ҚР ДМ Республикалық психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталығының бөлім жетекшісі Айгүлім Әбетова. 


Ал имамдардың айтуынша, дінде жынысын өзгертуге болмайды. Себебі, Алланың жаратылысына көңілі толмағандардың бұл әрекетін шариғат құптамайды дейді.

Қазіргі таңдағы жыныс ауыстыру мәселесіне ислам діні түбегейлі тыйым салған. Себебі, жыныс ауыстыру бұл Алла тағаланың жаратылысына қарсы келу болып табылады. Алла тағаланың жаратылысына риза емес деген мағынаны түсінікті білдіреді. Сондықтан ер адамның жынысын әйелдікіне ауыстыруы, әйел адамның жынысын ерге ауыстыруы бұл ислам дінінде харам болып табылады, -  ҚМДБ шариғат және пәтуа бөлімінің Қарағанды облысы бойынша жауапты маманы Юсупбек Шұғайұлы. 


Айта кетсек, жынысын ауыстырғысы келетіндер үшін осыдан екі жыл бұрын елде жаңа ережелер қабылданған болатын. Ол үшін 21 жасқа толған қазақстандық психикалық комиссияға өтініш береді. Әрмен қарай психикалық қабілеті дұрыс екенін анықтайтын зерттеуге өтініш береді. Сонымен бірге дәрігерлер жынысын медициналық түзетуге қарсы көрсетілімдерін анықтайтын тексерурден өту керек. Биыл мұндай комиссияға жынысын ауыстыруға 30 адам өтініш жасаған. Оның жетеуі қыз-келіншек, ал қалғаны ер адам.