Анасы 4 жасар баласын аяусыз байлап кеткен

1 563

Фото: PixabayҚарағандыда 4 жасар бала анасының қатыгездігі салдарынан қорғаусыз қалды,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Сот материалдарына сәйкес, ажырасқан ерлі-зайыптылардың ұлы бұрын сот шешімі бойынша анасымен қалдырылған еді, ал әкесінен алимент өндірілген болатын.

Алайда, кездесулердің бірінде әкесі баланың денесінде гематомаларды байқап, сараптама жүргізгенде бұл жарақаттар жеңіл дене жарақаты деп бағаланған. Сонымен қатар, балада психикалық дамудың кешеуілдеуі, дене салмағының жетіспеушілігі, ЖРВИ және педагогикалық қараусыздық белгілері анықталған.

Кейін белгілі болғандай, анасы ұлын үйде жалғыз қалдырып, қолын резинкамен артына байлаған. Көршілер ұзақ жылаған баланың дауысын естіп, жедел қызметтерді шақырған.

Сот шешімінде анасының әрекеті балаға нақты қауіп төндіргені көрсетіліп, Қылмыстық кодекстің 140-бабы 2-бөлігі бойынша – ата-ана міндеттерін орындамау немесе тиісінше орындамау, қатыгездікпен қарау фактісі бойынша кінәлі деп танылды.

Осыған байланысты баланың тұрғылықты жері әкесіне бекітіліп, анасының ата-аналық құқықтары шектелді, алимент өндірілді. Апелляциялық алқа бұл шешімді өзгеріссіз қалдырды. Баланың қауіпсіздігі мен мүддесі басты назарда екені ерекше атап өтілді.