Декрет төлемін заңсыз көбейтудің ұйымдастырғандар сотталды

1 508

Фото:©коллаж AI / El.kzДекреттік төлемді көбейту үшін табысын қолдан өсіріп көрсететіндерге қатысты бақылау күшейтілді,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпараттық агенттігі El.kz сайтына сілтеме жасап.

Үкіметтегі баспасөз мәслихатында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев әлеуметтік төлемдерді заңсыз жолмен алуға тырысқан азаматтарға қатысты қылмыстық істер қозғалып, сот үкімдері шыққанын мәлімдеді.

Кейбір азаматтар арнайы делдалдардың көмегімен табысын бірнеше есе арттырып көрсетіп, әлеуметтік сақтандыру қорынан жоғары көлемде төлем алуға әрекеттенген. Мұндай схемалар көбіне бірнеше жеке кәсіпкер арқылы жалған аударымдар жасауға негізделген. Яғни, азаматтың нақты табысы төмен болғанымен, әртүрлі көздерден әлеуметтік аударымдар жүргізіліп, құжат жүзінде табыс көлемі бірнеше миллион теңгеге дейін жеткізілген. Нәтижесінде декреттік немесе басқа да әлеуметтік төлемдерді жоғары мөлшерде алу көзделген.

Ақтөбе облысында болған бір жағдай бойынша азаматтың табысы 17 түрлі көзден төлем жүргізу арқылы шамамен 4 миллион 300 мың теңгеге дейін көтерілген. Барлық материалдарды құқық қорғау органдарына жібердік. Соттың шешімі шықты. Нәтижесінде екі адам 6 жылға және 5 жылға сотталды, – деді министр.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.