Қоғам
126
Биыл саяжайдағы үйлерге жеке тұрғын үй мәртебесі берілмек

Егер жер телімдеріне жеке тұрғын үй мәртебесі берілсе, иелері саяжай үйлерін тұрғын үй ретінде заңдастыра алады.
Осылайша, оларды ипотекаға сатып алуға/сатуға, сол үйге тіркеуге тұруға болады.
Ал саяжайлар тұрғын үй алабына көшкеннен кейін мұнда мектеп, бала - бақша, емхана сынды әлеуметтік нысандар салынады. Жолдар кеңейтіліп, қоғамдық көліктер іске қосылады.
Алматыда барлығы 286 бау-бақша серіктестігі бар. Бұл 13,5 мыңнан астам үй.
2023 жылы тізімге елу шақты бау-бақша серіктестігі ілінуі мүмкін.
Алатау - бір бау-бақша серіктестігі;
Әуезов — 3 б/с;
Бостандық — 12 б / с;
Медеу — 5 б / с;
Наурызбай — 27 б / с;
Түрксіб — 2 б / с.
Әзірге бұл бау-бақша серіктестерінің мәртебесін ауыстыру мәселесін комиссия қарап жатыр.
Қолайлы бау-бақша шаруашылықтарының көпшілігі Наурызбай ауданына-Жандосов көшесіне жақын орналасқан саяжайларға жататыны белгілі.
Сондай-ақ, қала әкімдігінен осы жылы Бостандық ауданының жеті бау -бақша серіктестігінің мәртебесі өзгеретінін мәлімдеген. Олар "Энергия", "Энергостроитель", "Таң", "Мамыр", "Достық", "Табиғат", "Еңбек" бау-бақша серіктестіктері.
Айта кетейік, бау-бақша серіктестіктерінің төрағалары мен саяжай учаскелерінің иелерінен ЖТҚ мәртебесін алуға өтінімдерді жер қатынастары басқармасы қабылдайды.