Қазақстанда балалар демалыс лагерьлерінің бағасы 200 мыңға жуықтаған

85

Елімізде балаларға арналған тынығу лагерьлерінің бағасы шарықтап кеткен, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі. 


Санаулы күннен соң балалардың жазғы демалысы басталады. Білім басқармасының мәлімдеуінше, Астанада он, Алматыда 18 лагерь қызметін бастайды. Жазда сегіз мыңнан астам бала жолдама алса, оның 2200-і тегін тынығу жоспарланған.


Облыстық білім басқармасының бас маманы Қаламқас Қаратаеваның айтуынша, қалада барлық лагерльлерге жолдамалар сатылып болған. Өңірдегі лагерьлерге жолдама бағасы 15-60 мың теңге аралығында.


Өңірдегі орман ішінде орналасқан лагерьге жаз бойы алты жүзден астам баланы қабылдау жоспарланған. 


Облыстағы он лагерьді санитарлық қадағалау департаментінің өкілдері тексереді. Тексерістен өткеннен кейін тиісті құжаттар беріледі.


Мамандар демалыс орындарының дайындығын елу пайыз деп бағалап отыр.


Балалардың жазғы демалысы қызықты өту үшін лагерьден тыс әр мектеп ауласында алаңқайлар құрылады. Түрлі экспедиция мен экскурцияға 12 мың оқушы қатысады.


Ал алматылықтар лагерьге жолдама құнының жоғары екенін айтады. Қаладағы бір адамға ойын-сауық лагерінің орташа бағасы – 185 мың теңге. 


Алматылық Гүлвира Байымбетова – 4 баланың анасы. Ол тұңғышын жазғы сауық-лагерьге жіберіп, артынша өкінгенін айтты. 120 мың теңге төлеген  мекеме балаларды төрт қабырғаға қамап, дәмсіз тағам берді дейді. 


“Биыл енді қарастырсам, бағалары 200 мыңнан жоғары. Бұл – жеті күн демалуға кететін ақша. Баламды қаланың ішіндегі лагерьлерге жібергім келмейді. Себебі кішкентай ғана ауланың ішінде ұстап, аптасына 1-2 рет қана қалаға алып шығып қыдыртады. Бірақ бағалары өте жоғары, екі баланы ондай бағаға жіберуге менің мүмкіндігім жоқ”, – дейді ол.


Мамандар бағаның өсуін инфляциямен байланыстырады. Баланың қауіпсіздігі мен демалысы үшін сапалы өнімдер қолданылып, қызықты бағдарламалар болуы керек деп түсіндірді.


“Бала он күннен кейін жақсы жаққа өзгеріп шығады. Кей мезгілдер үшін жеңілдіктер қарастырылған. Былтырмен салыстырғанда бағаөсті, өйткені  тамақ қымбаттаған”, – деді сауықтыру лагерінің басшысы Серік Молданбаев. 


Алматы облысы аумағында 18 жазғы сауықтыру лагері бар, оның екеуі –  мемлекеттік. Биыл өңірде 260 мыңға жуық бала жазғы демалыспен қамтылса, қала бойынша 270 мың жеткіншек лагерьге барады.