"Жамылғылары биттің қабығындай": Блогер Өркен Кенжебек елдегі пойыздарды сынға алды

1 542

Фото: Caravan.kzТанымал блогер, журналист Өркен Кенжебек Астанадан Балқашқа дейінгі пойыз сапары барысында көрген қиындықтары туралы әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Блогердің айтуынша, ол Астанадан таңғы 04:45-те шығып, Балқаш жағалауындағы Ақжайдақ стансасына кешкі 20:47-де жеткен. Осылайша пойыз жолда 16 сағат 2 минут жүрген.

«Тәуелсіздіктің 35 жылдығына дейін басты бағыттарға жүрдек пойыздар жүргізе алмағанымыз ұят па? Әрине, ұят», – деп жазды ол.

Өркен Кенжебек пойыз вагонының 1991 жылы ГДР-де құрастырылғанын, іші тым ыстық болғанын және желдету жүйесінің дұрыс істемегенін атап өтті. Оның сөзінше, рельстердің тозуы мен Мойынты маңындағы жөндеу жұмыстары салдарынан пойыз жылдам жүре алмаған.

Сондай-ақ журналист вагондардың көмірмен жылытылатынын, төсек-жабдықтардың ескі екенін және әжетханалардың әр бекет сайын жабылатынын сынға алды. Ол бұл жағдайды 90-жылдармен салыстырып, мұндай көрініс шетелдік қонақтар үшін «шок-контент» болатынын да жасырмады.

«Енді қайтар жолды ойласам, тағы 16 сағат жүру керек. @ktzh.kz_official, @ktzh_kaz_temir_zholy – сөзім жоқ», – деп түйіндеді блогер.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.