БЖЗҚ басшысы біржолғы зейнетақы төлемін алудың шекті мөлшерінің өзгеруі туралы түсініктеме берді

526
Жанат Құрманов біржолғы зейнетақы төлемін алудың шекті мөлшері неге өзгертілгені туралы пікір білдірді,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Оның айтуынша, біржолғы зейнетақы төлемінің өсуіне кеше қабылданған Бюджет туралы заңның түрткі болғанын меңзейді.

«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңда «Зейнетақы жинақтарының ең төмен жеткіліктілігінің шегі міндетті зейнетақы жарналары және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған ай сайынғы зейнетақыны қамтамасыз ету үшін қажетті зейнетақы жинақтарының республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төмен зейнетақы мөлшерінен төмен емес ең төмен мөлшері» деп айқындалған.

«Ең төменгі жеткіліктілік шегі жыл сайын Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 2 қазандағы №1042 қаулысымен бекітілген Әдістеме бойынша қайта есептеледі және БАҚ-та жарияланады», - дейді БЖЗҚ басшысы


 Бекітілген әдістеме бойынша төмен жинақтық шек мөлшері жинақ иесінің жасына қарай есептеледі және болашақ зейнетақы төлемдері мен зейнетақы жарналарының өсуін (индекстелуін) ескереді.

«Бұл ретте ҚР «Республикалық бюджет туралы» Заңына сәйкес, жыл сайын индекстелетін ең төменгі жалақы (ЕТЖ), ең төменгі зейнетақы (ЕТЗ), ең төменгі күнкөріс деңгейі (ЕТКД) сияқты әлеуметтік көрсеткіштер қолданылады. Осыған байланысты төмен жинаққтық шек мөлшерін есептеу жыл сайын аталған көрсеткіштердің өсуін ескере отырып жүргізіледі. Осы көрсеткіштердің өзгеруіне байланысты Үкіметтің қолданыстағы қаулысына бойынша 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап төменгі жеткіліктілік мөлшері қайта есептелді.

Осы мөлшерден асса, азаматтар өз жинақтарының бір бөлігін Тұрғын үй жағдайларын жақсарту, емделуге ақы төлеу, сондай-ақ жеке басқарушы компанияларға инвестициялық басқаруға беру үшін пайдалана алады», - дейді Жанат Құрманов.



OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.