Түркістандық азамат Жоғарғы сот алдында өзін-өзі өртеп жібермек болды

272

Кеше Түркістан тұрғыны Жоғарғы сот ғимаратының алдында үстіне бензин құйып, өзін-өзі өртемек жібермек болды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты мәлім етті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.





Сот мәліметінше, өзін өртемек болған азамат – Түркістан облысының бірінші сатылы сотында қаралып жатқан қылмыстық іс бойынша жәбірленушінің ағасы. Оған қатысты «ұсақ бұзақылық» бабы бойынша әкімшілік іс қозғалды.

«Әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты бұл азаматты ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігі бойынша құқық бұзушылық жасағанына кінәлі деп танып, 5 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алды. Сот жазаны қоғамға теріс әсер ететін және қоғамға құрметсіздік білдіруге бағытталған, қасақана әрекеттің дәрежесі мен сипатын ескере отырып тағайындады», - делінген хабарламада.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.