ҚЫЗЫЛОРДАДА МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУДА ТАҒЫ ДА ШИКІЛІК ШЫҚТЫ
Қызылорда әкімдігіне қарасты мемлекеттік мекемелер «Мемлекеттік сатып алу порталында» өрескел заң бұзушылықтарға жол берген, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
«Әділдік жолы» республикалық қоғамдық бірлестігінің Қызылорда облыстық филиалының басшысы Ләззат Бақтыбаева өзінің Facebook әлеуметтік желісінде “Мемлекеттік сатып алу порталына” жүргізген мониторинг жүргізіліп, біршама заңсыздықтарын анықталғандығын жариялаған болатын.
Шындығында, біздің аймақта мемлекеттік қызметшілермен жасалынған бұл сияқты заңсыздықтар жетерлік. Тек мамыр айының өзінде 15 заң бұзушыға 2 695 440 теңге көлемінде айыппұл салынған.
«Қызылорда қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» КММ-мен заң қағидаларының өрескел бұзу арқылы Мемлекеттік сатып алу туралы шарттарды тікелей жасалғаны байқалған. Атап айтқанда,
1 | Қызылорда қаласы бойынша аялдамаларды, шеңберлерді, паспорттарды, ескерткіштерді, билборд бағандарын жөндеу және күтіп ұстау | Шарт аумақтық қазынашылық органдарына тіркелген күннен бастап 60 күнтізбелік күн ішінде | 38 1505 99,20 |
2 | Қызылорда қаласындағы аллеялар мен скверлерді жөндеу және күтіп ұстау | Шарт аумақтық қазынашылық органдарына тіркелген күннен бастап 60 күнтізбелік күн ішінде | 28 236 999,84 |
3 | Қызылорда қаласы бойынша коммуналдық шаруашылық объектілерін ұстау, LED экранын күтіп ұстау | Шарт аумақтық қазынашылық органдарына тіркелген күннен бастап 60 күнтізбелік күн ішінде | 41 165 999,84 |
4 | Брусчаткаларды жөндеу және сырлау, қоршауларды жуу, ҚР Тұңғыш Президенті саябағын ұстау және жөндеу және Қызылорда қаласындағы балалар ойын алаңдарын жөндеу және күтіп ұстау | Шарт аумақтық қазынашылық органдарына тіркелген күннен бастап 60 күнтізбелік күн ішінде | 42 631 299,2 |
5 | С. Бейбарыс көшесі мен Н. Назарбаев даңғылындағы ағаштарды күтіп ұстау, қала бойынша ағаштарды күту, ұңғымаларды күтіп ұстау | Шарт аумақтық қазынашылық органдарына тіркелген күннен бастап 60 күнтізбелік күн ішінде | 28 344 359,68 |
6 | Орталық алаңды және Мемлекеттік рәміздер алаңында ҚР Мемлекеттік туын күтіп ұстау және сатып алу, қала көшелерінің атауы жазылған тақтайшаларды дайындау және ілу, ,бағандарда орнатылған тік көгалдандыру композицияларын (диаметрі-600 мм шар) толық ауыстыру, жөндеу, күтіп ұстау және қызмет көрсету, қаланы жарықтандыру | Шарт аумақтық қазынашылық органдарына тіркелген күннен бастап 60 күнтізбелік күн ішінде | 20 442 599,52 |
АЙГЕРІМ РАХЫМЖАНҚЫЗЫ