Анасын өлтірген қарағандылық жігіт қылмыстық жауапкершіліктен босатылды

201

Анасын өлтірген қарағандылық жігіт қылмыстық жауапкершіліктен босатылды, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.


Қарағанды облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі хабарлағандай, М. есімді азамат ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабының 1-бөлігі, 99-бабының 1-бөлігінде көзделген әрекеттері үшін қылмыстық жауаптылықтан босатылды.

"Жәбірленушілердің М.-ға қойған талаптары, соңғысының "есі дұрыс емес" деп танылуына және заң бойынша қылмыспен келтірілген зиянды өтеу жөніндегі міндет жүктелуі мүмкін тұлғаның болмауына байланысты қанағаттандырусыз қалдырылды", – деді сот.

Шешім заңды күшіне енді.
Сол түні сағат 03:45 шамасында ол Гапеев көшесіндегі 29-үйде анасын темір табамен өлтіріп, бірнеше жерінен пышақтаған.

"Стационарлық кешенді сот-психологиялық-психиатриялық сараптамасының қорытындысына сәйкес, ол созылмалы психикалық ауытқушылықпен ауырады, қылмыс жасау кезінде созылмалы психикалық бұзылыс жағдайында болған, яғни оның іс жүзіндегі сипатын, іс-әрекетінің әлеуметтік қауіптілігін түсіне алмаған", – деді сотта.

Ер адам сот алдында жауап бере алмайды. Оған медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану қажет.

Оның кінәсі жәбірленушілердің, куәлардың айғақтары, сараптама қорытындылары және қылмыстық істің басқа да материалдарымен дәлелденді.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.