FlyArystan тегін жүк тасымалдауға қатысты өзгеріс енгізген

1 513

Фото: Sputnik.kz FlyArystan әуе компаниясы тегін қол жүгін тасымалдау талаптарына қатысты өзгерістер енгізген,- деп хабарлайды Оpennews.kz ақпарат агенттігі.

2026 жылдың 1- ші наурызынан бастап жолаушылар енді 7 килограмға дейінгі салмақтағы қол жүгін тасымалдай алады. Бұған дейін бұл мөлшер 5 килограмм болатын. Бірақ қол жүгінің өлшемдері өзгеріссіз қалады – 56 x 23 x 36 см.

"Шешім нарықты кешенді бизнес-талдау, соның ішінде жолаушыларға сұраныс үлгілерін, пайдалану процестерін және әуе тасымалдаушыларының тәжірибесін зерттеу нәтижесінде қабылданды", - деп түсіндірді FlyArystan әуе компаниясында.

Компания жаңа ережелер сатып алу күніне қарамастан, осы күннен бастап орындалатын рейстерге берілген барлық билетке қатысты қолданылатынын хабарлады.

Лоукостерде жолаушыларға бір қол жүгін тасымалдауға рұқсат етілетінін, ол белгіленген салмақ пен өлшем талаптарына сәйкес келуі керектігін еске салды.

Компанияның мәліметтері бойынша, FlyArystan жолаушыларының төртеуінің үшеуі 2024-2025 жылдары салмағы ең аз қол жүгін тасымалдап ұшқан.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.